01
сентябрь
2023
МЕКТЕБІМ – МЕЙІРІМДІЛІК МЕКЕНІ
Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 1 – қыркүйек Білім күніне арналған «Мектебім — мейірімділік мекені» атты салтанатты жиын болып өтті.
Салтанатты іс-шарада мектеп директоры Сихамбекова Жансұлу Абдразаққызы мектеп шәкірттері мен ұстаздарға мерейі үстем жыл болуына, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндер мен 11 сынып оқушыларына биылғы оқу жылында білімнің асқақ шыңына көтеріліп, мол табыстар мен ізденістерге жете берулеріне тілектестігін білдіріп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Балғын балалықпен қош айтысып, мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер салтанатты жиын барысында ән айтып, өлең шумақтарын тарту етті. Мерекелік жиын мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, жаңа 2023-2024 оқу жылының алғашқы қоңырауы да соғылды. Салтанатты жиынның соңы 1-11 сынып оқушыларына білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау мақсатында «Мектебім — мейірімділік мекені» тақырыбында республикалық сынып сағаттарымен жалғасын тапты.