Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » «ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ОҚУ МАҚСАТЫНА САЙ ТАПСЫРМАЛАР ӘЗІРЛЕУ» ТАҚЫРЫБЫНДА КОУЧИНГ ӨТТІ
07
декабрь
2023

«ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ОҚУ МАҚСАТЫНА САЙ ТАПСЫРМАЛАР ӘЗІРЛЕУ» ТАҚЫРЫБЫНДА КОУЧИНГ ӨТТІ

Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі сабақтарында ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін дамыту барысында түрлі тапсырмалар жүргізуге болады. Ойын арқылы оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттырады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіруге дағдыны қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
2023 жылдың  06-желтоқсан  күні ағылшын тілі әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Составление заданий с игровыми элементами в соответствии с целями обучения» («Ойын элементтерін пайдалана отырып оқу мақсатына сай тапсырмалар әзірлеу») тақырыбында коучинг ұйымдастырды. Коучингке қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері қатысты. Коучинг барысында ұстаздар түрлі әдіс - тәсілдер арқылы практикалық жұмыстар жүргізді, ал ұстаздар өте құнды мәліметтер алды. Коучинг соңында кері байланыс жасалып, қорытындыланды. Соңғы сөз директордың оқу ісі бойынша орынбасары Битаева Л.А.  сөз беріліп, коучинг жоғары дәрежеде өткенін және әдіс-тәсілдерді орынды алынғанын атап өтті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив