Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » «Білім керуені» халықаралық білім көрмесі
23
октябрь
2023

«Білім керуені» халықаралық білім көрмесі

2023  жылдың қазан айының 17 жұлдызында SANA халықаралық ғылыми -зерттеу орталығы мен Қалалық білім бөлімінің әдістемелік орталығымен бірігіп ұйымдастырылған «Білім керуені» халықаралық білім көрмесіне Ораз Жандосов атындағы № 30 жалпы орта білім беретін мектептің 11 сынып оқушылары мен кәсіптік бағдар беруші педагогтары З.М.Курманбаева мен Г.Каппарова және мектеп ұстазы Ұ. Шалабаева барып қайтты. Онда 8 оқу орындарынан арнайы өкілдер келіп оқушыларға түсіндірме жұмысын жүргізді. 
Олар:
1 Рессей мемлекетінен,яғни Татарстан елінен Алабуга политехникалық колледжі
2.Алматы қаласынан Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті
3. Түркістан қаласынан Халықаралық Туризм және меймандостық университеті
4.Алматы қаласынан Азаматтық авиация академиясы
5.Тараз қаласынан М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік  университеті
6.Алматы қаласынан Қ.Сәтпаев атындағы халықаралық техникалық зерттеу университеті
7.Алматы технологиялық университеті.
Оқушылар бұл көрмеден оқуға түсу үшін нақты ақпараттар алды.Қазіргі заман талабына сай интернет желісі арқылы құжаттар тапсыру және кьюар код арқылы бүкіл мәліметтер алуға болатындығын мәлімдеді.
Және де біздің мектеп оқушылары әрбір оқу орындарының қойған сұрақтарына жауап беріп, кішігірім сыйлықтар алды. Мамандықты дұрыс таңдауда осындай арнайы көрмелер көбірек ұйымдастырылса. Оқушылар өте күшті әсерде қайтты.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив