Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » «КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ» МАҚСАТЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ
14
февраль
2023

«КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ» МАҚСАТЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

Жастарға кәсіби бағдар беру - жас ұрпақты өсіруге, оқытуға жетелейді. Осыған орай, 2023 жылдың 13-ақпанында мектебіміздің 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Бұл іс-шараға Шымкент қаласында орналасқан Түркістан индустриалды құрылыс колледжінен мамандар шақырылып, оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Колледж қызметкерлері М.Нажиметов, А.Имашев жалпы оқу орны туралы арнайы бейнеролик көрсетіп, онда оқудың ақысыз әрі шәкіртақы берілетіндігі, сондай-ақ ыстық тамақпен қамтамасыз етілетіндігін де айтып өтті. Оқушыларға жаднамалар таратылды. Кәсіби бағдар берудің басты мақсаты– оқушыларға мамандық таңдауда дұрыс кәсіби бағыт-бағдар беру, мамандық таңдау туралы шешім қабылдауға қолдау көрсету. 
 Насихаттау жұмыстары барысында педагогтер колледж туралы толық мәлімет беріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Мектеп оқушылары колледждегі мамандықтармен танысты.  

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив