15
февраль
2023
КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ
2023-жылдың ақпанның 15-жұлдызында мектебіміздің 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қаламыздағы «Мирас» университетінен тиісті мамандар, яғни қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Мамраимов Марат Арғынбайұлы келіп, университет туралы мағлұмат беріп өтті.
Арнайы бейнеролик көрсетіліп, оқушыларға жадынама парақшалары таратылды. Іс-шара барысында оқушылар университтен келген мамандарға өз сұрақтарын қойып, белсенділік танытып отырды.
Қорытындылай келе, оқушыларға нақты кәсіп таңдауға кәсіби дұрыс бағыт-бағдар беруде осындай іс-шараларды жандандыру, оны өз деңгейінде өткізу және мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

