03
ноябрь
2023
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУЫ
1 қараша күні қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімдері А. А. Усипбекова мен М. Д. Дауылбаева «Сын тұрғысынан ойлау тәсілдерін қолдану арқылы оқу сауаттылығын қалыптастыру» атты тақырыпта КОУЧИНГ өткізді.
Мақсаты: коуч сессиясына қатысушыларға сабақ үрдісінде сауатты оқудың маңызын түсіндіру. Оқушыны дамытатын дағды мен қабілеттерді анықтай білуге бағыттау;
сын тұрғысынан ойлай отырып, оқу сауаттылығын қалыптастыруға бағыттау.
Коучинг үрдісінде мәтінмен жұмыс жасау - оқылым дағдысының негізі екенін, мәтінмен жұмыс арқылы оқушының оқу сауатын бағамдайтынымызды, сол үшін нақты, пайымды, мәтін мазмұнына сай, лексикалық, грамматикалық, шығармашылық тапсырмалардың болуы маңызды екенін түсінді. Қатысушылар белсенді болды.






