11
сентябрь
2023
ӨЗ ОЙЫНЫМ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ
Зияткерлік ойын оқушыларды бірлескен шығармашылық қызметке белсенді қосуға мүмкіндік береді, оқуға деген қызығушылықты дамытады. Мұндай іс-шаралар оқушылардың білімі мен дағдыларының сапасын, олардың тәуелсіздік деңгейін арттырады.
2023-жылдың 8-қыркүйек күні Тілдер күні апталығының жабылуына орай Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі Тохаев Н.Л.-ның ұйымдастыруымен 6-сынып оқушылары арасында «Өз ойыным» интеллектуалды ойыны өтті. Ойынның басында оқушылар тақтадан сан жазылған қағаздарды таңдап, сол бойынша орындыққа отырды. Ойында қызықты тапсырмалар мен сұрақтар дайындалды. Балалар «Менің тәуелсіз Қазақстаным», «Ақын, жазушылар», «Компьютердің тілін табу – өнер», «Қазақстандағы ұлттар достастығы» және «Ұлы дала табиғаты» секілді бөлімдердегі сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. Іс-шара қызықты және сонымен бірге сыни ойлауды дамыта түсті. Оқушылар белсенді қатысып, өздерінің интеллектуалдық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білді. Ойынның нәтижесі бойынша, Бас жүлдеге 6 «Г» сынып оқушысы Базиловская Марина, І орынға 6 «В» оқушысы Рахимжанов Бехруз, ІІ орынға 6 «Б» сынып оқушысы Сапаралиев Аслан, ал ІІІ орынға 6 «Д» сынып оқушысы Хамзаев Абзал ие болды. Ойын соңында оқушыларға диплом мен мотивацияларын арттыру мақсатында сыйлықтарды мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оспанова К.А. табыстады.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету, қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу.


