16
апрель
2025
«ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОННЫҢ АДАМ ӨМІРІНЕ КЕРІ ӘСЕРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘРБИЕ САБАҒЫ ӨТТІ
«ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОННЫҢ АДАМ ӨМІРІНЕ КЕРІ ӘСЕРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘРБИЕ САБАҒЫ ӨТТІ
Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Даналық мектебі» жобасы бойынша тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылуда. Солардың бірі – 2 «А» сыныбының оқушыларына арналған «Ұялы телефонның адам өміріне кері әсерлері» атты танымдық сабақ болды.
Аталған тәрбие сағатын 2 «А» сынып ата-анасы Султанова Альфия Жанболатқызы өткізді. Сабақтың мақсаты – бастауыш сынып оқушыларына қазіргі таңда кеңінен қолданылатын ұялы телефонның пайдалы және зиян жақтарын түсіндіру, саналы пайдалану мәдениетін қалыптастыру, оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға баулу.
Сабақ барысында оқушылармен сұхбат жүргізіліп, бейнематериалдар көрсетілді, түрлі жағдаяттар талқыланды. Балалар ұялы телефонның адам ағзасына, әсіресе көз, жүйке жүйесіне, ұйқы режиміне кері әсерлері туралы тың мағлұматтар алып, бұл құрылғыны шамадан тыс пайдаланудың зияндылығын түсінді. Сондай-ақ, телефонға тәуелді болудың алдын алу жолдары, оны тиімді әрі қауіпсіз қолдану ережелері де айтылды.

