17
апрель
2025
ДОЙБЫ ЖӘНЕ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ҮЙІРМЕСІ
Оқушылардың бос уақытын тиімді әрі қызықты ұйымдастыру – білім беру үдерісінің маңызды бір бөлігі. Осы мақсатта Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде түрлі үйірмелер ұйымдастырылып, оқушылардың қабілетін дамытуға, логикалық ойлауын арттыруға және бос уақытын пайдалы өткізуге жағдай жасалуда.
Мектепте жүргізіліп жатқан сол үйірмелердің бірі – дойбы және тоғызқұмалақ ойындарына арналған үйірме. Бұл үйірме оқушылардың ой-өрісін, зейінін, шапшаң шешім қабылдау қабілетін дамытуға бағытталған. Ұлттық және әлемдік логикалық ойындарды меңгерту арқылы балалардың патриоттық сезімі мен мәдени мұраға деген құрметі де арта түсуде.
Үйірмені дене шынықтыру пәні мұғалімі Байсейт Тимур ағай жүргізеді. Ол оқушыларға ойынның негізгі ережелерін үйретіп қана қоймай, түрлі стратегияларды қолдану, қарсыластың жүрісін болжау секілді терең логикалық дағдыларды қалыптастырады. Үйірме жұмысы жүйелі түрде жүргізіліп, қатысушылар арасында мектепішілік жарыстар мен шеберлік сағаттары ұйымдастырылады.
Үйірмеге бастауыш және орта буын сыныптарының оқушылары белсене қатысып, өз қызығушылықтарын көрсетіп келеді. Кейбір оқушылар аудандық деңгейдегі жарыстарға қатысуға ниет білдіріп, дайындық жұмыстарын бастап кетті.
Жалпы, дойбы және тоғызқұмалақ үйірмесі – оқушылардың логикалық ойлауын дамытып, уақытты тиімді пайдалануға баулитын маңызды шаралардың бірі. Алдағы уақытта үйірме жұмысын одан әрі жандандырып, басқа да оқушыларды тарту көзделуде.
