17
апрель
2025
«ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА» ҮЙІРМЕСІ
Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 2 «А» сынып оқушыларына арналған «Қызықты математика» үйірмесі жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Үйірменің негізгі мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, оларды есептер әлеміне саяхат жасата отырып, ойлау қабілеттерін дамыту және логикалық тұрғыдан тұжырым жасай білуге үйрету.
Үйірме жұмысы арқылы оқушылар:
• Математикаға деген оң көзқарас қалыптастырады;
• Логикалық ойлау, есте сақтау, зейін қою сияқты интеллектуалдық қабілеттерін дамытады;
• Ойын элементтері арқылы қызықты әрі тартымды тапсырмаларды орындай отырып, өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады;
• Шығармашылықпен жұмыс істеуге бейімделеді;
• Математикалық білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйренеді.
«Қызықты математика» үйірмесі – балалардың ой-өрісін кеңейтіп, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелейтін, логика мен тапқырлықты қажет ететін ерекше білім алаңы.

