09
март
2025
«БОЛМАҒАН БАЛАЛЫҚ ШАҚ» – ЖҮРЕККЕ ЖЕТКЕН ФИЛЬМ
Бүгін Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің 5 «А» сынып оқушылары сынып жетекшісімен бірге қазақ киносының жүрекке әсер ететін туындыларының бірі – «Болмаған балалық шақ» фильмін тамашалап қайтты. Фильм кішкентай көрермендерді балалық шақтың тәтті естеліктеріне ғана емес, оның қиындығы мен ауыртпалығын да сезінуге жетеледі.
Фильм аяқталған соң балалардың жүзінен түрлі эмоция байқалды. Бірі көзіне жас алып, басты кейіпкердің тағдырына алаңдаса, енді бірі өмірдегі жақындарының бар екеніне шүкіршілік етіп, ой түйді. Киноның әрбір сәті жүрекке әсер етіп, іште қатқан шерді қозғап, мейірімділік пен қамқорлықтың қадірін тереңірек түсінуге көмектесті.
Фильм аяқталғаннан кейін оқушылар сынып жетекшісімен бірге көргендерін талқылап, алған әсерлерімен бөлісті. Олар отбасының маңызын, ата-ана қамқорлығының қаншалықты қымбат екенін және әр баланың бақытты балалық шаққа лайық екенін түсінді. Бұл тек бір оқиғаның баяндалуы емес, үлкен өмірлік сабақ беретін туынды.
Осындай әсерлі фильмдерді отбасымен бірге тамашалау – тәрбиенің бір жолы. Сондықтан барша ата-аналарға «Болмаған балалық шақ» фильмін балаларымен бірге көруге кеңес береміз. Бұл туынды көрерменнің жүрегіне ізгілік пен жанашырлық ұялатары сөзсіз!
