Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
04
февраль
2025

АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА

АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА‼️
БАЛАЛАРЫҢЫЗДЫ ҚАУІПТІ ОЙЫННАН САҚТАҢЫЗДАР!!! 
Қазір қоғамда балалардың өміріне қауіп төндіретін ойындар таралуда. Бұл ойындар ата-аналарға көріне бермейді, алайда балалар телефон арқылы осы ойынның құрбанына айналып жатыр. Бұл ойындар мобильді қосымшаларда жасырылған шағын ойындар болуы мүмкін. Бұлардың ең қауіптісі:  
"Тихий дом"
"Разбуди меня в 4:20" 
"Море китов"
"Синий кит"
"Красный дельфин "
 "Млечный путь"
"U19"
"F57"
" SchoolBoy RunaWay -Stealth". 
Сондықтан балаларыңыздың телефонын тексеріп, қауіпті ойынның жоғына көз жеткізулеріңізді сұраймыз! 
Бұл ойындардың жарнамасы
Telegram және TikTok әлеуметтік желілерінен көрінуі мүмкін және "Бізбен ойна!” деген шақыртулар жасауы мүмкін
🔰Құрметті ата - ана! 
Төмендегі кеңеске құлақ асыңыз: 
✅Балаңыз ойнайтын ойынды үнемі тексеріңіз. Ойынның баланың жасына сай келетінін анықтау үшін рейнтингін қарап, шолу жасаңыз;
✅Ереже орнатыңыз. Балаңызбен қандай ойындарға рұқсат етілетінін, қайсысын ойнауға болмайтынын талқылаңыз. Ойындарға шектен тыс қызығушылығы артпас үшін уақытпен шектеу қойыңыз;
✅Сыни ойлауын дамытыңыз. Баланы ойын мазмұнын талдауға үйреткен жөн. Ойындарда көрсетілгеннің бәрі шынайы өмірде бола бермейтінін және қауіпсіз емес екенін түсіндіріңіз;
✅Бірге ойнаңыз. Балаңызға уақыт бөліп, бірге ойнаңыз. Бұл олардың қандай ойын ойнайтынын жақсы түсінуге және қауіптің алдын алуға көмектеседі;
✅Мінез-құлқына мән беріңіз. Балаңыздың мінез-құлқында қандай өзгерістер барын бақылаңыз. Егер ойыннан соң ол ашушаң әрі тұйық бола бастаса, ойнап жүрген ойындарын ауыстырыңыз;
✅Ата-ана бақылауын қолданыңыз. Қажетсіз әрі орынсыз ойындар мен контентке телефондағы ата-ана бақылауын орнатыңыз;
✅Басқа балалардың ата-анасымен талқылаңыз. Өзге ата-аналармен талқылап, тәжірибеңізді бөлісіңіз. Олар қандай ойындарды қауіпсіз деп санайды, соны біліңіз.











Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив