Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » «БАЛА ҚАУІПСІЗІДІГІ - ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
04
февраль
2025

«БАЛА ҚАУІПСІЗІДІГІ - ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

«БАЛА  ҚАУІПСІЗІДІГІ  - ҚОҒАМ  КЕЛЕШЕГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА  АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ  ӨТКІЗІЛДІ 
       Ораз Жандосов  атындағы  №30 жалпы орта білім беретін мектебінде  «Біртұтас тәрбие»  бағдаламасы шеңберінде  «Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі» атты тақырыпта  ата-аналар жиналысы өткізілді.  Барлық сыныптарда өткізілген ата-аналар жиналысының күн тәртібінде  2023-2024  оқу жылының  қорытындысы,  2024-2025 оқу жылында мектептің ішкі тәртіп ережесі, келісімшарт, міндетті мектеп формасын сақтау, ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңестің төрағаларын сайлау, ата-аналарады педагогикалық қолдау, телефон, гаджет құрылғыларын орынсыз пайдалану,  құқықбұзушылықтың алдын-алу, жол ережелері мен оқушылардың  әлеуметтік  желілердегі қауіпсіздігі мәселелері талқыланды. 
     Барлық сыныптарда ата-аналар комитеті төрағалары мен қамқоршылық кеңестің төрағалары сайланды. 
Балалар мен жасөспірімдерді басқара алатын және оларды психикалық және физикалық қауіп-қатерге душар ететін қауіпті онлайн ойындары мен топтардың саны артқандығы, балалардың интернеттегі қауіпсіздігін барынша ата-аналардың қадағалауы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 
Ата-аналар жиналысында балаларға интернеттегі қауіптер,  шынайы өмірдегі буллинг және кибербуллинг, балалар арасында өсіп келе жатқан тренд болған  онлайн ойындар,  баланы қайғылы жағдайларға итермелеуі мүмкін  кітаптар мен сайттар, әлеуметтік желілердегі алаяқтықтардан сақтану жолдары айтылды. 
      Жиналыс соңында ата-аналарға  мектеп  қабырғасында  ашылған  ата-аналарды педагогикалық  қолдау  орталығы Сіздер үшін әрқашан балаңызға қатысты кез-келген  мәселені  шешу  үшін  call орталыққа жүгіне алатынын жеткізді. 



















Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив