04
ноябрь
2023
"БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ - АТА-АНА" жаңа форматта жиын өтті
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 3-қараша күні ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының оқу бағдарламасы аясында 5-сынып оқушыларының ата – аналарына арналған «Баланың бас ұстазы - ата - ана» «Позитивті ата – ана болу: тыңдау, есту, өзін естіре білу» тақырыбында ата – аналар жиналысы жаңа форматта өтті.
Жиналысты 5 «А» және «Ә» сынып жетекшілері Мырзабекова М.Д. және Жаксибаева М.А. ұйымдастырып өткізді.
Жаңа форматтағы ата – аналар жиналысының мақсаты:
1. Оң тәрбие мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата – аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту;
2. Ата – аналарды позитивті ата – ана болу құзыреттерін игеруге ынталандыру;
3. Ата – аналарға позитивті ата – ана болу дағдыларын игеруге көмектесу;
Ата-аналар сабаққа өте белсенді түрде қатысып, ой-пікірлерін білдіріп, өз ойларын ортаға салып мектеп ұжымына алғысын білдірді. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оспанова К.А. алдағы уақытта «Ата-аналарға педагогикалық қолдау» бағдарламасының жалғасы және үнемі тығыз байланыста болатындығын айтты. Ата – аналарымыз позитивті ата – ана болудың қағидаттарын, ережелерін түсінетін болды, позитивті ата –ана болу рухында баламен қарым – қатынастың кейбір тәсілдерін меңгерді. Ата – аналар жиналысы өз деңгейінде өтілді.




