07
сентябрь
2023
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов №30 жалпы орта білім беретін мектебінде жаңа оқу жылының басталуына орай 05.09.-06.09.2023 ж. күні жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.
Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
1. Мемлекет басшысы Қ.Ж.К.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жолдауын талдау.
2. Өткен 2022-2023 оқу жылдарына есеп беру.
3. Мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстыру.
4. Психологиялық ахуал
5. Әр түрлі мәселелер. (5-6 күндік оқу жүйесін талқылау)
6. Сұрақ-жауап
Ата-аналар жиналысының көздеген басты мақсаты – бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру болды.
Мектеп директоры Сихамбекова Жансұлу Абдразаққызы жиналысты 1-қыркүйек Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауымен ашып, өткен 2022-2023 оқу жылындағы мектептің жетістіктері мен жаңа 2023-2024 оқу жылында ендірілген өзгерістерді және мектептің алға қойған мақсат-міндеттерімен ата-аналарды таныстырып өтті.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер толығымен қамтылып, қарастырылды.
Ата-аналар мектепке қатысты сұрақтарын қойып, көңілдеріне қонымды жауаптарын алып, мектеп әкімшілігі мен ұжымға толағай табыстар тіледі.
Ұрпақ тәрбиесі – ең ұлы міндет десек, осы міндетті мүлтіксіз орындау мектеп педагогтерімен қатар ата-аналардың да жауапкершілігінде. Сондықтан жиынның түйіні – бала болашағын қалыптастыруда ата-ана мен ұстаз үнемі бірлікте болуы керек екенін естен шығармау.




