01
сентябрь
2023
МЕКТЕП ҰЖЫМЫ ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖОЛДАУЫН ЫЖДАҺАТТЫЛЫҚПЕН ТЫҢДАДЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің педагогикалық ұжымы 1-қыркүйек күні сағат 11.00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында айтылған реформаларды аса қуанышты көңіл-күйде қабыл алды. Мектептің акт залында жиналған ұстаздар қауымы ҚР Президентінің кезекті Жолдауын онлайн режимінде тікелей эфирде тамашалады. Бір жарым сағат уақыт ішінде Президенттің ел Үкіметінің алдына қойған негізгі міндеттерін ыждаһаттылықпен тыңдады.
Президент алдағы жұмыстың бағыт-бағдарын айқындап, нақты тапсырмалар беріп, «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынатынын, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынып, енді жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайтынын айтты.
Биылғы Жолдауда жаңа міндеттер жүктелді.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті Қазақстан құрамыз десек, саяси-экономикалық реформа жасаудың жеткіліксіз екенін, ең бастысы, қоғамдық сана, азаматтардың ниеті өзгеруі керектігін және де онсыз басқа жұмыстың бекер екендігін айтып өтті.

