13
октябрь
2023
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің төрағалығымен 04.09.2023 жылы өткен №28 кеңестің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында 13.10.2023 ж. күні Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде ата - аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында ата - аналарға мектебімізде ашылған "АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ" орталығының нұсқау хатымен, мақсат-міндеттерімен, бағдарламасымен таныстырылды. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының ашылу мақсаты –
ата-аналар қауымын, отбасын нығайтуға, отбасылық және қоғамдық тәрбие байланысына мүдделі әкімшілік және педагогикалық қызметкерлерін біріктіру және балалардың заңды өкілдерінің құзыреттерін қалыптастыруға бағыттау, білім алушыларды тәрбиелеу, дамыту және оларға білім беру мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік беру.




