Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » «ҰБТ ТАПСЫРАТЫН ОҚУШЫЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ»
04
февраль
2025

«ҰБТ ТАПСЫРАТЫН ОҚУШЫЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ»

«ҰБТ ТАПСЫРАТЫН ОҚУШЫЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ»
КҮЙЗЕЛІСТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ: ОНЫҢ АҒЗАҒА, МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА ЖӘНЕ СЕЗІМГЕ ӘСЕР ЕТУІ
Ораз Жандосов атындағы № 30 жалпы орта білім беретін мектебінің психологтары Қаракөз Қадырбекқызы Момбаева мен Александра Андреевна Семихвостова 11-сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындығын бақылай келе, емтиханда танымдық іс-әрекеттерін (қабылдау, зейін, ойлау, есте сақтау, қиял) дамытудың маңыздылығымен қатар, эмоционалдық күйзелістің алдын алу әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Күйзелістің симптомдары денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін, бірақ оған оқушылар ерекше мән бермейді, ол әдеттегі бас ауруы, ұмытшақтық пен физикалық шаршау, мазасыздық пен қобалжу сияқты көрінуі мүмкін. Алайда, бұл эмоционалдық күйзелістің симптомдары. Олар сіздің ағзаңызға, сезіміңізге және мінез-құлқыңызға ерекше әсер етуі мүмкін. Эмоционалдық күйзелістік реакция жайында біліміңіз болса, онда, қажетті әдіс-тәсілдерді қолданып, бұл жағдайларды түгелдей өз ырқыңызға көңдіруге болады. 
Мектеп психологтары оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, олардың өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылауға дағдылануын және сенімділігін арттыруға психологиялық кеңес берді.















Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив