04
февраль
2025
«БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ПЕН ЖӘБІРЛЕУГЕ ҚАРСЫ АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАН»
«БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ПЕН ЖӘБІРЛЕУГЕ ҚАРСЫ АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАН»
«Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар» (Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы №748 қаулысы) негізінде жасалған Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектептің педагог-психологтары Қаракөз Қадырбекқызы Момбаева мен Александра Андреевна Семихвостова мұғалімдерге ақпараттық-ағарту сабағын өткізді.
Психологиялық сабақта жасөспірімдер арасындағы деструктивті және аутодеструктивті мінез-құлыққа тән күйзеліс, жабырқаушылық, өз-өзіне сенімсіздік, өзіндік бағаның төмендігі сияқты қасиеттерді дер кезінде тани білу, алдын алу және басқару әдістері көрсетілді.