06
ноябрь
2023
«БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА»
Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын құқықбұзушылықтың, оның ішінде зорлау сипатындағы қылмыстардың, ерте жүктіліктің, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында 2023 жылдың «Ұл тәрбиесі», «Қыз тәрбиесі», «Жыныстық тәрбие», «Тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу» мақсатында 8-11 сынып қыз және ұл балаларына жиналыс өткізілді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оспанова Калима Абдикаримовна мектептің ішкі тәртіп ережесін таныстыра отырып, оқушыларға мектеп пен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылу керектігін, құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқығын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отыратынын, құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтеу керектігін айтып өтті.
Мектептің педагог-психологі Момбаева Қаракөз Қадырбекқызы «Кәмелетке толмағандар арасында буллингтің және кибербуллингтің» және "Ерте жүктіліктің алдын алу"мәселесіне тоқталып, кибербуллингтің зардаптары,балалар мен жасөспірімдерді кибербуллингтен қалай сақтануға болатын түсіндіріп өтсе, мектеп инспекторы Алимов Ихтияр Бахтиярович қазіргі таңда орын алып жатқан жасөспірімдер арасындағы қылмыстық іс-әрекеттердің алдын-алу жолдарына тоқталып өтті.


