31
январь
2023
ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ, ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ және НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАРШАМЫЗДЫҢ МІНДЕТІМІЗ
Шымкент қалалық Білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, нашақорлықтың, суицид пен қыздар арасында ерте жүктіліктің, кереғар діни ағымдар мен секта іс-әрекеттерінің алдын-алу мақсатында жоғары сынып оқушыларына мектепке үгіт насихат жұмыстарына арнайы шақырылған қонақтар профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Күн тәртібіндегі мәселелермен және келген қонақтармен мектеп директоры Ж.А.Сихамбекова таныстырып өтті.
Өз сөзін Еңбекші прокуратурасының прокуроры Бейсенбаева Жібек Арунрашидқызы.Көптеген мәселелерді көтеріп,оқушылрдың сұрақтарына жауап берді.
Екінші мәселе бойынша Шымкент қаласы Спорт басқармасының №1 спорт мектебінің директорының орынбасары Тауабеков Марат Еркінбекович сөз алып, өз оқу орындарындағы спорт түрлерімен таныстырып, оқушыларды спорт мектебіне келіп, спорттың кез келген түріне тегін қатысуға болатынын айтты. Одан кейін Психикалық денсаулық орталығы дәрігер-нарколог Корганбаева Карлыгаш Жаркынбековна сөз алып, есірткінің зиянды екенін түсіндіріп, одан туындайтын аурулардың түрлерін айтып өтті. Шымкент қаласы Дін істер басқармасы дін мәселесін зерттеу орталығының теолог маманы Жаңбырбаев Бауржан Ағыбайұлы ислам дінінің тармақтарымен таныстырып, діни тұрғыда дұрыс жолды таңдауда қателеспеуді, кереғар діни ағымдар аясында кетіп қалмауды, интернет желісі бойынша алданып, адам саудасына тап болудан сақтану жөнінде айтып өтті. Еңбекші ауданы әкімі аппаратының бас аманы Роза Ирисбековна тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері жөнінде біраз сұрақтарға жауап берді. Отырыс соңында оқушылар келген қонақтарға өз мәселелері бойынша көкейкесті сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.






