04
февраль
2025
«БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ПЕН ЖӘБІРЛЕУГЕ ҚАРСЫ АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАН»
«БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ПЕН ЖӘБІРЛЕУГЕ ҚАРСЫ АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАН»
«Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы №748 қаулысы) негізінде жасалған Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектептің педагог-психологтары Қаракөз Қадырбекқызы Момбаева мен Александра Андреевна Семихвостова жасөспірімдермен «Сырласу сағаты ...» психологиялық сабағын жеке және топтық кеңес беру бағытында өткізді. Кездесуде жасөспірімдер арасындағы жанжал жағдайларында мінез-құлықтың сындарлы (конструктивті) амалдарын дамыту, құрбыларымен зорлық-зомбылықсыз өзара сыйласымды қарым-қатынас жасау техникаларына талдау жасалды.
Іс-шаралар қолайлы психологиялық атмосферада, сенімді қарым-қатынаспен өтілді. Сабаққа қатысқан 8-11 сынып оқушылары сабақтың соңында өздерінің сезімдерімен, әсерлерімен алмасты, пікірлерін айтып келесі сабақтың тақырыбын анықтады.