Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » «БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ПЕН ЖӘБІРЛЕУГЕ ҚАРСЫ АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАН»
04
февраль
2025

«БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ПЕН ЖӘБІРЛЕУГЕ ҚАРСЫ АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАН»

«БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ПЕН ЖӘБІРЛЕУГЕ ҚАРСЫ АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАН»
«Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы №748 қаулысы) негізінде жасалған Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектептің педагог-психологтары Қаракөз Қадырбекқызы Момбаева мен Александра Андреевна Семихвостова ата-аналармен кездесті. 
Отбасында дау-дамайға бағытталған қандай да болсын әрекеттерге, айтылатын сөздерге ересектердің үлкен жауапкершілікпен қарағаны жөн. Баланың проблемасы ересектер үшін түкке тұрғысыз, тіпті күлкілі болса да, оның бала үшін өте маңызды екенін естен шығармау керек. Баланың көңіл-күйі төмендеп және жабығудың алғашқы белгілері байқала бастағанда-ақ аталған күйден шығаруға бағытталған әрекеттерді жасау керек:
- Баламен әңгімелесу, оның көңіл-күйі туралы сұрақтар қою, келешегін жоспарлау, яғни болашағына мақсат қою.
- Баламен БІРГЕ жаңа істермен айналысу.
- Баланың күн тәртібін сақтағаны абзал (қатаң қадағалау).
Балада болар-болмас психикалық ауытқу байқала бастасаған сәтте ата-ана өзара ақылдасып, психологтан, психиатрдан кеңес алғаны жөн.








и ещё 2


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив