Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ - БАСТЫ МІНДЕТ
06
март
2024

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ - БАСТЫ МІНДЕТ

Егеменді еліміздің болашағы – балалар. Сондықтан бала өмірінің қауіпсіздігі маңызды. Осыған орай, Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың, ойынқұмарлықтың, буллингтің, әлімжеттіктің алдын алу мақсатында құқық қорғау органының қызметкерлерімен құқықтық сауаттылық пен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 
 Кездесу барысында бала құқығын қорғау, құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау, зорлық-зомбылық, тұлғаның жеке өміріне қол сұғушылық, азаматтардың құқығын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі екендігі, сыбайлас жемқорлық және басқа да тұрғыдағы заңға қайшы әрекеттерді байқаған немесе осы жағдайларды бастан кешіп жатқан тұлғалар болса, құқық қорғау органдары тарапынан берілетін заңдық көмектерге жүгіне алатындығы жайлы айтылып, түсіндірілді.
Іс-шараның мақсаты-жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, әлімжеттіктің, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив