05
апрель
2023
“ӨНЕР ӘЛЕМІНДЕ” АПТАЛЫҒЫ
Өнер әлемі - адамдар бойындағы қасиеттердің жанданып, рухани азық беретін дүниенің жиынтығы, таңғажайып картина. Бағзы заманнан бой көтерген өнер атты жол қазіргі таңға дейін кең бағыт алып келеді. Оның дәлелі - 03.04-7.04.2023 ж. күндері аралығында Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде көктемнің алғашқы үнімен қатар бастау алған көркем еңбек пәні әдістеме бірлестіктің "Өнер әлемінде" атты апталығы. Апталық қолөнер бұйымдары көрмесімен ашылды. Жоспар бойынша ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Апталықтың мақсаты: Оқушылардың көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өнерге деген қызығушылығын арттыру. Әсемдікті тани білуге баулу.



