12
апрель
2023
ШАХМАТ ОЙНАУ ЧЕЛЛЕНДЖІ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің шахмат ойнау республикалық
челленджін өткізу жоспарына сай 2023 жылғы 12 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 12.00-де Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 2-11 сынып оқушылары арасында шахмат ойыны челленджі өткізілді. 20-ға жуық бастауыш, орта буын – 25, жоғарғы сынып білім алушыларынан – 15 оқушы шахмат сайысы челленджінде өздерінің логикалық қабілеттерін сынамадан өткізді. Шахмат ойнау челленджінің мақсаты - орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы балалар мен жастардың, педагогтердің шығармашылық жетістіктерін көрсету.
Шахмат адамды жылдам ойлануға, шешім қабылдауға және қадам жасауға итермелейді. Ойнау логикасы зейінділікті дамытуға, әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге үйретеді.
Челлендж – еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін, мерекелік көңіл-күй сыйлайтын, оқушылардың зияткерлік ойындарға қызығушылығын арттыратын ауқымды республикалық акция болғандықтан мектебіміздің оқушылары белсенділік танытты.









