13
май
2023
ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ ӨТТІ
2023 жылдың 13-мамырында Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектепте 2-7 сынып оқушылары арасындағы Республикалық «Зерде» ғылыми жобалары мен шығармашылық жұмыстары және 8-11 сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша зерттеу жобалар конкурстарының мектепішілік кезеңі өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты: оқушыларды ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық іс-әрекеттерге ынталандыру, зерттеушілік дағдыларын қалыптастастыру, ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу, оларға қолдау көрсету. Байқауға 16 оқушы қатысып, өз жобаларын ұсынды. Талапқа сай орындалған 12 жұмыс байқаудың қалалық кезеңіне жолдама алды. Зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан жас ғалымдарымызға тек сәттілік тілейміз!

















