Біртұтас тәрбие бағдарламасы «Өр талапты, озық ойлы ұлан» жобасы аясында мектеп директоры Ж.А.Сихамбекова халықаралық, республикалық байқаулардан жүлде алған Рақымғожин Жаснұр мен Иванова Мишельді қабылдап, өз құттықтауын білдірді.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША АҚПАРАТ:

9 «Б» сынып оқушысы РАҚЫМҒОЖИН ЖАСНҰР АЗАМАТҰЛЫ 6 жасынан бастап «Династия» спорт би мектебінде спорттық бал биімен айналысып келеді. Көптеген жарыстарға қатысып жүр. Мәселен, 2023 жылы Астана қаласында өткен SILK WAY – 2023 халықаралық би фестивалінде І орынға ие болды. Дәл осы жылы Жаснұр бірнеше жетістіктерге қол жеткізді. Мысалы, Ташкентте өткен би фестивалінде ІІ орын, Бурабайда өткен би спортынан І орын, QYZYLORDA CUP-2023 дәстүрлі би спортынан ІІІ орын, Таразда өткен «TULPAR CUP» республикалық турнирінен ІІІ орын, Шымкент қаласында өткен «SUMMERCUP» турнирі ІІІ орын иеленді.

9 «Б» сынып оқушысы ИВАНОВА МИШЕЛЬ СТАНИСЛАВОВНА 8 жасынан бастап «Седьмой континент» спорттық би мектебінде хип-хоп биімен айналысып келеді. Көптеген жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанып жүр. Солардың бірқатарына тоқталып кетер болсақ.
Ол 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Қазақстан раушандары» хореографиялық өнердің халықаралық фестиваль-конкурсына қатысып, сертификат алды. Дәл осы жылы Алматы қаласында өткен халықаралық «SHOW TIME dance contest» курсына қатысып, 1 орынға ие болды. 2023 жылы «Түркістан сазы» халықаралық байқауында 1 орынға ие болды.
Мишель 2023 жылы «Оқушылар сарайының» балалар шығармашылығы студиясын бітіріп, диплом алды.
ЖЕҢІСТЕРІҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!


