04
февраль
2025
«МАҚСАТТЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ
«МАҚСАТТЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «Барлығына қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасы шеңберінде берілген «943 - елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасын іске асыру аясында мектеп директоры Ж.А.Сихамбекова мектеп ұжымымен жоба туралы таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 4-9 сыныптар арасында кіріспе бақылау тестін алу жұмыстары жүргізілуде. Мұғалімдер мен оқушылар өз жауапкершіліктерін сезініп адалдық алаңын сақтап, тест тапсыруда.
Жобаның мақсаты: білім беру процесін жақсарту үшін мақсатты мектептермен өзара әрекеттесу бойынша жұмыс құралдары мен тетіктерін ұсыну.
Кездесу соңында кері байланыс орнатылды.
и ещё 2