Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ
04
февраль
2025

НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында «Өскелең ұрпақтың болашағына қауіп төндіретін тағы бір қатер – есірткі заттарының, соның ішінде синтетикалық есірткінің де таралуы. Құқық қорғау органдарына бұл қатердің азаматтар арасында, әсіресе жастардың ішінде таралуына барынша тосқауыл қоюды тапсырамын», деген болатын.
Осыған орай, «Нашақорлық – адам жауы» тақырыбында Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 
Мақсаты - қазіргі заманның жаһандық мәселеге назар аудара отыра, жастардың арасында есірткі заттарын пайдалануға теріс көзқарасты қалыптастыру.
Кездесуге Шымкент қаласы Еңбекші ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны Елтаев Қажымұрат Талғатұлы қатысты.
Кездесу барысында Қажымұрат Талғатұлы нашақорлықтың адам өмірі мен денсаулығына кері әсері, есірткіге құмарлықты қалыптастыруға ықпал ететін факторлар туралы қажетті ақпараттар беріп, жастарды салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді істермен айналысуға шақырды.








и ещё 2




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив