04
февраль
2025
ОҚУШЫЛАРҒА ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде жас жеткіншектерге жолда жүру ережесін сақтауға, жол белгілерінің атқаратын қызметінің қандай екендігін үйрету мақсатында Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ полиция капитаны Жанысбеков Ерболат Бактиярович
«Жолда жүру ережесін білеміз бе?» тақырыбымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шымкент ҚПД Абай АПБ полиция капитаны
Жанысбеков Ерболат Бактиярович күнделікті таң рауандап атқанда жас жеткіншектерді мектептің алдынан күтіп алады. Балақайлардың үлкен жолдан абайлап өтуін жіті бақылайды, қоғамдық тəртіпті қадағалайды. Бүгін де екінші ауысымдағы оқушыларды қабылдап алған соң, Ерболат Бактиярович 5-сынып оқушыларына жолдағы қауіпсіздік жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

