Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » 8 НАУРЫЗ - ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУ ШАРАСЫ ӨТТІ
08
март
2023

8 НАУРЫЗ - ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУ ШАРАСЫ ӨТТІ

2023 жылдың 7-наурызында Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 8-наурыз –  Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Гүл мереке, күн мереке – 8 наурыз» атты мерекелік концерт өтті. Концерт барысында оқушылар өлең оқып,ән айтып, би биледі.
Мейірімділік пен сұлулықтың, даналықтың және рухани қуаттылықтың салтанат құрған күні мектебіміздің аяулы мұғалімдері ерекше құрметке бөленді. Айтылған ізгі тілектер мен шырқалған әннің бәрі-бәрі бұл күні асыл ана, адал жар, аяулы апа-қарындастар тақырыбында болды.
Мектеп директоры Сихамбекова Жансұлу Абдразаққызы барша әйелдер қауымын шуақты мерекемен құттықтап, оларға деген ерекше ықыласын білдірді. Сонымен қатар, білім саласының дамуына сіңірген еңбегі мен өскелең ұрпаққа терең білім, өнегелі тәрбие беруде қосқан елеулі еңбегі үшін және мектептің дамуы мен көркеюіне үлес қосып, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқан нәзік жандылар грамоталармен және Алғыс хаттармен марапатталды.
Көктемнің шуақты мерекесінде нәзік жандыларға ер-азаматтар  гүл шоқтарын ұсынды.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив