Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » БАСПАЛДАҒЫ БІЛІМНІҢ БАСТАУЫШТАН БАСТАЛҒАН
30
январь
2023

БАСПАЛДАҒЫ БІЛІМНІҢ БАСТАУЫШТАН БАСТАЛҒАН

Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 30-қаңтар күні «Баспалдағы білімнің бастауыштан басталған» атты бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің апталығы басталды.  
    Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының сыни және логикалық ойлау  қабілеттерін дамыту арқылы функционалдық сауаттылығын арттыру, білімді шығармашылықпен қолдана білуге үйрету, ұлттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру.
    Салтанатты жиынның ашылу іс-шарасын 1-сынып оқушылары әдеби-музыкалық кешпен жалғастырды. Апталықтың алғашқы күні «Қазақ тілі» пәніне арналды. 2 «Ә» сыныпта Э.К.Досалының «Жұрнақ пен жалғау», 4 «Ә» сыныпта А.Ә.Жұмабекованың «Көмектес септік», 4 «А» сыныпта Ш.Т.Ералинаның «Шығыс септік» тақырыбында ашық сабақтары өтті.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив