Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
09
январь
2023

АЛТЫН ТҰҒЫРДАН КӨРІНГЕН ҰСТАЗ!

2023 жылдың 5-6 қаңтар аралығында  Астана қаласында бастауыш сынып мұғалімдері арасында  математика пәнінен Республикалық "АЛТЫН ТҰҒЫР" олимпиадасы өтті. Республикалық олимпиадаға Қазақстанның әр өңірінен 160 мұғалім қатысты. Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дехканбаева Дильназа Тахиржановна мектебіміздің намысын қорғады. Өзінің біліктілігі мен білімінің арқасында республикалық кезеңінің нәтижесінде Дехканбаева Дильназа Тахиржановна ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.  Ауданнан өтіп, облыс көлемінде жүлделі орын алып, республика бойынша өткізілген олипиадада озық шыққан әріптесімізді мектеп директоры Сихамбекова Жансұлу Абдразаққызы арнайы құттықтап, өз алғысын білдірді. Әріптесімізді жеңісімен құттықтай отырып, алдағы жұмыстарына да шығармашылық табыстар тілейміз.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив