20
январь
2023
АИТВ/ЖИТС-тің АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-11 сынып оқушыларына АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясын алдын алуға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыру.
Кездесу барысында АИТВ-ның әлем және Қазақстан бойынша таралуы, АИТВ, ЖИТС туралы түсінік, АИТВ-ны алдын-алу жолдары, АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды әлеуметтік қорғау тақырыптары айтылды.
Іс-шара ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы Жүргенбаева Назира ханымның қатысуымен өтті.



