12
май
2023
ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САПТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Жас ұрпақтың бойына адалдық, аға буынға құрмет, батылдық, Отанға және өз халқына деген сүйіспеншілік сияқты жоғары адамгершілік қасиеттерді сіңіру, әскери-патриоттық әндерді насихаттау, жауынгерлік рухты көтеру мақсатында 11.05.2023 жылы Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай 7-сыныптар арасында әскери-патриоттық саптық әндер байқауы ұйымдастырылды. Оқушылар әскери-патриоттық әндермен ұрандатып саптық шеруге шықты. Ең үздік шеру көрсеткен сыныптар I, II, III орындармен марапатталып, түрлі номинацияларға ие болды. Келесі көрсеткіштер бойынша бағаланды: сап тәртібі, сыртқы келбеті, қайта құру мен бұрылыстарды орындау, саптық қадам, саптық әнді орындау, командирдің әрекеттері. Барлық сынып оқушылары жарқын, әдемі, эмоционалды өнер көрсетті. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!



















