18
май
2023
«АЙБЫН» ПРЕЗИДЕНТТІК ПОЛКІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ
«АЙБЫН» ПРЕЗИДЕНТТІК ПОЛКІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРМЕН ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
2023-жылдың 18-мамыр күні Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушыларына Шымкент қаласы Білім басқармасының Әдістемелік Орталығының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Күзет қызметінің 2023 жылғы 12-мамырдағы №04-5/1472-И хатына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметінің «Айбын» Президенттік полкінде мерзімді әскери қызмет өткеру үшін көктемде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша Мемлекеттік Күзет қызметінің маманы Ережепова Айнұр Ғабдуллақызы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мемлекеттік күзет қызметіне азаматтарды шақыру басталды. Жергілікті атқарушы органдар құрған медициналық және әскерге шақыру комиссиялары өз жұмыстарына кірісті. Әскерге шақыру науқанын сапалы әрі уақытылы орындау мақсатында комиссия әр шақырылушыны жеке-жеке қарастырып, алған білімін, мамандығын ескереді.

