10
февраль
2023
"Теміржол қауіпті аймақ "
Білім басқармасының Әдістемелік орталығы ҚР Ұлттық ұланының Шымкент қалалық 6506 әскери бөлімі республикалық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 10 ақпандағы №8-11-66/211 хатына сәйкес, Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде ҚР Ұлттық ұланының Академиясына 2023 жылға оқуға түсетін 11-сынып оқушыларын ынталандыру мақсатында ақпараттық үгіт-насихат жұмыстары және Шымкент қаласы СТ. ЖПБППВ-ның командирі полиция капитаны С.Кадыров, полиция капитаны А.Абдрайманов және полиция сержанты Б.Пернебаев , Н.Жунисбеков “Көліктегі қауіпсіздік" акциясы бойынша "Теміржол қауіпті аймақ " тақырыбы аясында түсіндірме жүмыстарын жүргізді. Арнайы бейнероликтер көрсетілді
Кездесудің мақсаты: әскерге шақырылғанға дейінгі жастар арасында әскери-патриоттық тәрбие беруді, әскери қызметтің имиджін, офицерлер корпусының беделін көтеруді, азаматтардың әскери қызметшілерге деген оң көзқарасын қалыптастыруды, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясына оқуға түсу үшін кандидаттарды іріктеу бойынша жоспарлы және мақсатты жұмысты ұйымдастыру. Кездесу барысында оқушыларға оқу перспективалары, қабылдау шарттары туралы ақпарат ұсынылды.






