Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
12
октябрь
2023

ТЕМІРЖОЛ — ҚАУІПТІ АЙМАҚ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30  жалпы  орта білім беретін мектебінде темір жол аймағынан өтетін  оқушылар арасында өмір қауіпсіздіктерін сақтау мақсатында Шымкент ст. ЖПБ ӘПб-ң бастығы, полиция майоры Н.Раисов,  ППВ-ның қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Н.Сейдахан түсіндірме жұмыстарын өткізді.
Кездесу барысында темір жол қауіпті аймаққа жататындықтан одан өтерде жаяу жүргіншілерге арналған жолмен ғана ереже сақтап өтіп, аса сақ болу керектігін түсіндірді.
Сондай-ақ темір жол өткелінің, бағдаршамның қызметі қандай, ондағы белгілердің мағынасы, шлагбаумның орналасуы, өткел кезекшісінің нұсқауы сияқты ескеруге тиісті басты қағидаларды және теміржолдың белгіленбеген жерінен өткені үшін әкімшілік шараға тартылатындығы туралы дәріс оқыды. 
Мақсаты: Оқушылардың темір жол аймағында өмір қауіпсіздігін сақтау, алдын алу.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив