15
май
2023
ТЕМІРЖОЛ АЙМАҒЫ – ҚАУІПТІ АЙМАҚ
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде Шымкент Ст.ЖПБ құқық бұзушылық профилактикасы тобының аға инспекторы полиция майоры Ш.А.Сыздықова, ППВ-ң полиция аға сержанты А.Серікбай, Түркістан филилалы ТЖК ЖШ бастығы А.Абдраймовтардың қатысуымен 8-10 сынып оқушыларына арналған жиналыс өткізілді. Жиналыста теміржолда көп орын алатын қайғылы жайғдайлар белгіленген орындардан өтпеу, рельс үстімен жүрмеу сынды құқықтардың бұзылуынан болатыны айтылды. Темір жолдың қасында болудың өзі өте қауіпті. Осындай жағдайлар әсіресі жаз мезгілінде,оқушылардың жазғы демалыс кездерінде орын алады. Егер де тұрғындар мен жолаушылар теміржол бойындағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтайтын болса, қайғылы жағдайлар орын алмайды. Мұндай жағдайларға ескертулер де қарастырылған. Мәселен,жылжымалы құрам алыста келе жатса да, дабыл беріп жүреді. Теміржол аймағында болған кезде құлақ қапты шешіп, әр дыбысқа назар аударған жөн.



