14
октябрь
2023
«ӨЛЕҢ — СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ...» ЕҢБЕКШІ АУДАНДЫҚ ТУРНИРІ
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы білім беретін мектебі Қазыбек би атындағы №36 мектебінде Бұқар жыраудың туылғанына 330 жыл толуына орай «Өлең сөздің патшасы, сөз—сарасы...» атты Еңбекші аудандық дебат іріктеу турнирі 9-11 сыныптар арасында өтті. Мектебіміздің атынан қазақ лигасының «Алаш көшбасшылары» фракциясы 11-сынып оқушылары Примбет Балжан мен Жүзбай Бақдәулет қатысып, 3-орынға ие болып, қалалық кезеңге жолдама алды.
Жетекшісі: Тохаев Нуркен Лесбекович.



