Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
27
октябрь
2023

ҰЛЫҚТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

Шымкент  қаласы білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 27-қазан күні мектеп парламенті  өзін-өзі басқару ұйымының Президентін, «Бала өкілі», «Ұлан басшы», «Адал ұрпақ» және фракция мүшелерін ұлықтау рәсімі өтті. Сайлауға түскен үміткерлерге  қошемет көрсетіп, мектебіміздің ең батыл оқушыларына марапат көрсетілді. Олар өз көзқарастарын білдіруге, өз пікірлерін білдіруге және өздерін көрсетуге батылы жетті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің   2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, оқушылардың бойында  азаматтық  белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту мақсатында өткен сайлаудың нәтижесінде  «Мектеп парламенті»  Өзін-өзі  басқару ұйымына  9-сынып  оқушысы Қалдарбекова Даяна мектеп  президенті болып сайланды.
Өзін-өзі  басқару ұйымының  құрамы 10 фракциядан тұратын  құрылымы   төмендегі құрамда құрылып, жетекшілер бекітілді
1. Президент көмекшісі: Исмайлов Даулет
2. «Жас ұлан» балалар ұйымы ұланбасшысы: Примбет Бақдаулет
3. Мәдениет және өнер фракциясы жетекшісі: Сұлтанбек Инжу
4. Құқық және тәртіп фракциясы жетекшісі: Сейдахметов Тимур
5. Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы жетекшісі: Дормидонтова Анастасия
6. Патриотзм фракциясы жетекшісі: Исаходжаева Милана
7. Салауатты өмір салты фракция жетекшісі: Шамсутдин Лина
8. Дебат қозғалысы фракциясының жетекшісі: Келдебек Жибек
9. Ақпарат және баспа фракциясы жетекшісі: Шарипова Аида
10. Экология және еңбек фракциясы жетекшісі: Юльчиева Назмина
Мектеп директоры   Сихамбекова Ж.А. жаңа президент пен фракция мүшелерін  жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтап,  толағай табыстар тіледі.  Өз кезегінде,  Калдарбекова Даяна оқушылар мен ұстаздар алдында салтанатты ант қабылдап, мектеп оқушылары мен ұстаздарының өзіне артқан жоғары сеніміне алғысын білдірді. Іс-шараға  қатысушы бар оқушылар мен ұстаздар қауымы мектептің жаңа президентін құрметпен қарсы алып, өз ықыластарын білдірді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив