Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » «АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІЛЕР КЛУБЫ СЛЕТІ ӨТТІ
02
ноябрь
2023

«АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІЛЕР КЛУБЫ СЛЕТІ ӨТТІ

Бүгін қалалық білім басқармасы және Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бірлескен іс-шара жоспары аясында «Адал ұрпақ» еріктілер клубы мүшелерінің слеті өтті. Жиынға қалалық білім беру ұйымдарының басшылары мен 200-ден аса мектеп оқушылары, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелері қатысты. Осы орайда Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің "Адал ұрпақ"еріктілер клубының президенті Сейдахметов Тимур және еріктілер Примбет Бағдаулет, Хайтматова Камила қатысты. Жиында ұйым мүшелеріне құрметті қонақтар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Перевенциясы басқарма басшысының орынбасары Қалдыбаев Нұртөре Зайдуллаұлы галстук тақты. Дебаттық қозғалыс жобасы бойынша өңірлік лиганың төрағасы, жастар ісі жөніндегі бөлім басшысы Әлібек Бексейіт Әшірбекұлына және де Адал ұрпақ жетекшілеріне берілді. Басқарма басшысының орынбасары Абдираимова Майра Акимкуловна барша "Адал Ұрпақ" мүшелерін құттықтады. 
Мақсаты: Рухани адамгершілік және адамзаттық патриоттық тәрбие беру. Оқушылардың бойына сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив