15
сентябрь
2023
БАСҚАРМА БАСШЫСЫМЕН ӨТКІЗІЛГЕН ЖИНАЛЫСҚА ҚАТЫСТЫ
Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Ж.А.Тажиеваның басшылығымен 2023 жылдың 12 қыркүйек күні ZOOM жүйесі арқылы қала мектептерінің 9-10-11 сынып оқушыларының қатысуымен жиналыс өткізілді.Жиналысқа білім басқармасына қатысты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары да қатысты.Жиналыс барысында басқарма басшысы мектептегі білім сапасы, орын алған келеңсіз жағдайлар мен құқық бұзушылыққа тоқталып өтті.
Жаңа оқу жылында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары мен білім сапасын арттыру жұмыстары қатаң басшылыққа алынатындығы жөнінде айтты. Жиналыс соңында басқарма басшысы жастарға үлкен сенім артып, болашаққа бағыт бағдар беріп, сәттілік тіледі.

