Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
16
май
2023

ПРОКУРОР САҒАТЫ

Қала, аудан прокурорларының 
9-11 сынып оқушылармен онлайн кездесуі
Шымкент қалалық прокуратурасы Шымкент қалалық білім басқармасымен бірлесе отырып, қалалық білім беру ұйымдарында өтетін "МЕЙІРІМДІЛІК - ЖҮРЕКТЕН" атты айлық іс-шара жоспары аясында Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың профилактикасы, өз-өзіне қол жұмсау фактілерін болдырмау, құқықтық сауаттылықтарын арттыру және әлімжеттілікті болдырмау мақсатында «Прокурор сағаты» тақырыбында қала, аудан прокурорларының 
9-11 сынып оқушылармен ZOOM платформасында онлайн кездесуі ұйымдастырылды. 
Жастардың білімді, заман талабына сай болып қалыптасуына ықпал жасау мақсатында ұйымдастырылған басқосуға Шымкент қаласы  жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу  тақырыбында Абай ауданы прокуроры Турлыби Нұрым Ұланұлы, Еңбекші ауданының  прокуроры  Мамаев Жомарт, Қаратау ауданының прокуроры  Әжіхан Тимур Рахманбердіұлы, Тұран ауданының прокуроры Есимбетов Арман Абдимомынович  қатысып  баяндама жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылардың түнгі мезгілде жүрмеуін қатаң қадағалау керектігін атап өтті.
Оқушыларға кездесу өте қатты ұнады, құқықтық сауаттылықтары артып, өздеріне қажетті мәліметтерді алды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив