Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
10
май
2023

«КИБЕРБУЛЛИНГТІҢ ҚҰРБАНЫ»

Буллинг — сөзбен, яғни психологиялық қысым көрсету немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені кемсітуі, қорлауы, үстемдік танытуы. Буллинг негізінде мектепте оқушылар арасында көп кездеседі. Әсіресе 10–15 жас арасындағы жасөспірімдер буллингтің құрбаны болады. Сонымен қатар жаңа технологиялардың, әлеуметтік желілердің дамуымен буллингтің жаңа түрі кибербуллинг пайда болды. Буллингтен қалай қорғану керек? 
Осының алдын алу үшін Шымкент қаласы білім басқармасы, Шымкент қалалық прокуратурасымен бірлескен «МЕЙІРІМ-ЖҮРЕКТЕН» атты айлық аясындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023-жылдың 11-мамыр күні 8-10 сынып оқушылары «КИБЕРБУЛЛИНГТІҢ ҚҰРБАНЫ» тақырыбында ювеналды полиция қызметкері Алимов И.Б. мырзамен кездесу өтті. Мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың профилактикасы, сондай-ақ өз-өзіне қол жұмсау факторларын болдырмау және оқушыларды буллинг және кибербуллинг құрбаны болудан сақтандыру. Кездесу барысында оқушыларға тақырып бойынша деректі фильм мен тележобалар көрсетіліп, интернет ресурстарындағы шектеу қойылған сайттардың зияндылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар буллинг, кибербуллинг құрбаны болған жағдайда қандай қолдау көрсету керек екендігі жөнінде кеңес беріліп кеспе қағаздар таратылды.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив