07
ноябрь
2023
ТЕМІРЖОЛ АЙМАҒЫ – ҚАУІПТІ АЙМАҚ
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектеп акт залында Шымкент Ст.ЖПБ әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері полиция аға лейтенанты А.Қалманов, полиция аға сержанттары Н.Өсербай, Н.Абентайұлы, Қ.Бердешовтердің қатысуымен 8-10 сынып оқушыларына арналған жиналыс өткізілді. Жиналыста теміржолда көп орын алатын қайғылы жағдайлар, белгіленген орындардан өтпеу, рельс үстімен жүрмеу сынды құқықтардың бұзылуынан болатыны айтылды. Темір жолдың қасында болудың өзі өте қауіпті. Егер де тұрғындар мен жолаушылар теміржол бойындағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтайтын болса, қайғылы жағдайлар орын алмайды. Мұндай жағдайларға ескертулер де қарастырылған. Мәселен, жылжымалы құрам алыста келе жатса да, дабыл беріп жүреді. Теміржол аймағында болған кезде құлаққапты шешіп, әр дыбысқа назар аударған жөн.
