23
январь
2024
ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚ, ҚОРҒАЙЫҚ!
2024-жылдың 23-қаңтар күні Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып мұғалімі Деревянко Татьяна Валерьевна 2 «В» сынып оқушыларына «Табиғатты қорғау. Қазақстанның қызыл кітабы» тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Мақсаты: «Қызыл кітап» туралы түсінік беру, тақырыптың негізгі идеясын ашу, сөздік қорын молайту, оқушылардың танымдық қабілеттерін, шығармашылық ізденістерін, сабаққа деген қызығушылықтарын, білімге белсенділіктерін арттыру, тақырыпқа байланысты сөйлеу дағдыларын дамыту, табиғатқа қамқорлықпен қарауға, оны аялауға тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру.
Сынып сағатында оқушыларға жалпы табиғат, экология, табиғатты қорғау туралы айтылды. Оқушылар «Қоршаған ортаны қорғау» туралы мультфильм көрді. Балалар өз пікірлерін айтты.
«ТАБИҒАТ — ТАЛ БЕСІГІҢ, АЯЛА, ҚОРҒАЙ БІЛ, ТАЗАЛЫҒЫН САҚТА!
КЕЛЕШЕК СЕНДЕРДІҢ ҚОЛДАРЫҢДА!»

