04
февраль
2025
«ҮЗДІК ТӨРЕШІ»
«ҮЗДІК ТӨРЕШІ»
Шымкент қаласы білім басқармасының «Қосымша білім беру оқу салалық орталығы» КММ мен «Отырар» колледжінің ұйымдастыруымен 17-қараша — Халықаралық студенттер күніне орай «Парасатты қоғам — мемлекет болашағының негізі» тақырыбында «Otyrar Cup I» колледж студенттері арасында өткен қалалық турнирінде әріптесіміз Тохаев Нуркен Лесбекович «Үздік төреші» атанды. Бұл турнирге 17 колледждің студенттері тіркеліп, 29 фракция қатысып, тартысты ойындар өтті. Әріптесіміз Нұркен әділ төрешілік етіп, турнирдің басы-қасында белсенділік танытты.