Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » » МЕКТЕБІМІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫ – ЖҰМАДІЛОВА САЛТАНАТ!
14
январь
2025

МЕКТЕБІМІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫ – ЖҰМАДІЛОВА САЛТАНАТ!

МЕКТЕБІМІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫ – ЖҰМАДІЛОВА САЛТАНАТ!
2025 жылдың 13-14 қаңтарында Шымкент қаласында жасөспірімдер арасында қол добынан ашық біріншілік өтті. Осы жарыста №13 спорт мектебінің командасы тамаша өнер көрсетіп, бірінші орынға ие болды.
Аталған спорт мектебінде 2020 жылдан бері қол добы үйірмесіне қатысып келе жатқан Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 «Ә» сынып оқушысы Жұмаділова Салтанат жоғары шеберлік танытты. Оның бапкері – Быканов Вадим Александрович.
Салтанаттың керемет ойынының арқасында ол «Үздік ойыншы» номинациясына лайық деп танылды.
Мектеп директоры Сихамбекова Жансұлу Абдразаққызы жас спортшы Жұмаділова Салтанатты қабылдап, оны қол добынан Шымкент қаласының ашық біріншілігінде қол жеткізген жеңісімен құттықтады.
Директор Салтанаттың «Үздік ойыншы» номинациясына ие болуын оның қажырлы еңбегі мен табандылығының нәтижесі екенін атап өтіп, болашақта да биік белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.
Біз Салтанатты осы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз және мектебіміздің әрбір оқушысының білім мен спорттағы жетістіктерімен мақтанамыз! 🎉👏












Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив